Ресей керек болса, ядролық қаруды бірінші болып қолдана алады - Медведев

551

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев тағы да ядролық қаруды қолданамыз деп қорқытты.

Ресей керек болса, ядролық қаруды бірінші болып қолдана алады - Медведев Фото: lenta.ru

Медведев тағы да ядролық қарумен қорқытып, "егер елімізге қауіп төнсе" Ресей бірінші болып ядролық қару қолдана алатынын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Сіз Ресей ешқашан бірінші болып ядролық қару қолданбайды дедіңіз, мен ол ойыңызбен мүлдем келіспеймін", - деді ол. 

Медведев өз сөзінде Ресей Федерациясының ядролық доктринасының бір тармағына сілтеме жасады. 

"Онда ядролық қаруды мемлекеттің өміріне қауіп төндіретін басқа қару түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылған Ресей Федерациясына қарсы агрессия туындаған жағдайда қолдануға болады деп нақты айтылған", - деп атап өтті Ресей Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу