Ресей әскери күштері Украина астанасына зымырандармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен тағы бір соққы жасады. Бұл туралы Киев қалалық әскери әкімшілігі өзінің Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
"Мамыр айының басынан бастап Киевке сегізінші әуе шабуылы! Бұл жолы жау ұшқышсыз ұшақтарды, қанатты зымырандар мен баллистикалық типтегі зымырандарды қолданумен бір уақытта әртүрлі бағыттар бойынша кешенді шабуыл жасады. Шабуыл жан-жақтан, аз уақыттың ішінде бірінен соң бірі жаудырылған зымырандармен жасалды", - делінген хабарламада.
Зымырандардың саны мен түрлері туралы мәліметтер жақын арада әуе күштері хабарлайды, деп сендірді әкімшілік.
Сонымен бірге, Украина астанасының әкімі Виталий Кличко Киевтің Соломенский, Шевченковский мен Дарницкий аудандарында жарылыстар болғанын хабарлады. "Алдын ала ақпарат бойынша, Соломенский ауданында үш адам зардап шеккен", - деді ол.
Елорданың Дарницкий ауданында зымыран қоқыстарының құлауынан екі көлік зақымданды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Украинаның әртүрлі аймақтарында әуе дабылы қағылды.