"Ресей коммунистері" Алясканы қайтару жұмысын бастауға шақырды

681

Алясканың АҚШ-қа берілуі геосаяси қателік болды, сондықтан оны Ресейге қайтару жұмысын бастау керек. 

"Ресей коммунистері" Алясканы қайтару жұмысын бастауға шақырды Фото: kommersant.ru

Бұл туралы партия төрағасы Сергей Малинкович мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz РИА "Новости"-ге сілтеме жасап.

155 жыл бұрын жасалған мәміле "ашық емес, қатты саяси қысыммен және патша әкімшілігіндегі ықпал етушілердің қатысуымен жасалған", – деп атап өтті Малинкович.

Сондықтан оны "алдымен Ресей сотының шешімімен елеусіз деп танып, содан кейін халықаралық сот органдарын сендіруге тырысу керек".

1853 жылы Шығыс Сібірдің генерал-губернаторы Н.Н. Муравьев-Амурский Алясканы АҚШ-қа сату туралы ұсыныс жасағанын еске саламыз. Ресей империясы мен Америка Құрама Штаттарының үкіметтері арасындағы келісім 1867 жылы жасалды. Шартқа император Александр II қол қойды. Жалпы ауданы 1 518 800 км2 аумақты сатудан Ресей небәрі 7,2 миллион доллар алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу