Ресей қор нарығы бүгін ашылмайды, деп жазды inbusiness.kz.
"Қазіргі жағдайға байланысты Ресей Федерациясының Орталық банкі бүгін Мәскеу биржасында қор нарығы бөлімін, жедел және стандартталған қаржы құралдары бөлімін ашпау туралы шешім қабылдады", – деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар Лондон қор биржасында Ресей акциялары құлдырады.
Еске сала кетсек, бұған дейін сауда сағат 15:00-ге дейін шегерілген еді.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу