Ресей криптовалютаны саудаға шығармақ. Бұл туралы Ресей Банкі төрағасының бірінші орынбасары Сергей Швецов мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
"Қазір Ресей биржаларының бірі нарыққа криптовалютаны шығару туралы жоба дайындап отыр. Алайда, бұл мәселе әлі талқыланып жатыр", — деп атап өтті Сергей Швецов Петербург халықаралық экономикалық форумында.
Реттеушілердің пікірінше, мұндай технологиялар қажет.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбритания, Сингапур және Қытай да жеке электронды валютасын айналымға шығару туралы жоспарларын айтқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу