Ресей Қырғызстанның қарызын кешірді

923

Ресей Қырғызстанның қарызын кешірді

Қырғызстан мен Ресейдің қаржы министрлері Адылбек Касымалиев пен Антон Силуанов Қырғызстанның РФ алдындағы 240 млн АҚШ долларын құрайтын қарызын кешіру туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қол қою рәсімі Мәскеуде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Ресей Федерациясына жасаған мемлекеттік сапары аясында жүргізілді. Қырғызстанның қаржы министрі журналистерге 2012 жылдан бері Қырғызстанның Ресей алдындағы қарызы 488 млн долларды құрағандығын айтып берді.

"2013 жылы 188,9 млн доллар қарыз кешірілді. Ал 300 млн доллар қарыз бөліп төленетін болды. 2016-2017 жылдары 60 млн доллар есептен шығарылды. Енді, бізде 240 млн доллар қалып тұр еді және бұл сома бүгін қарыздық есептен шығарылды", - деді министр.

Адылбек Касымалиев хабарлағандай, хаттама РФ мемлекеттік думасы ратификациялағаннан кейін күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу