Ресей, Қытай, Иран мен Пәкістан Ауғанстан мәселесін талқылайды

821

Ресей, Қытай, Иран мен Пәкістан Самарқандта СІМ деңгейінде жабық кездесу өткізеді. Конференцияға Тәжікстан, Түрікменстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері де қатысады. 

Ресей, Қытай, Иран мен Пәкістан Ауғанстан мәселесін талқылайды Фото: img.riamediabank.ru

Ресей, Қытай, Иран мен Пәкістанның сыртқы саяси ведомстволарының басшылары бейсенбіде Самарқандта Ауғанстанның көрші елдерінің министрлер конференциясы аясында жабық кездесу өткізеді. Бұл туралы inbusiness.kz ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, қатысушылар Ауғанстанның саяси жағдайының қалыпқа келуіне жәрдемдесу, осы елдегі гуманитарлық әрі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, сондай-ақ аймақтық экономикалық интеграцияны дамыту мен Кабулдың қатысуымен Көлік және энергетикалық жобаларды іске асыру жөніндегі алдағы қадамдарды талқылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу