Ресей Қытайға электр энергиясын экспорттауды екі есеге арттырды

852

Бейжің 1 кВт/сағ электр энергиясын 0,5 долларға сатып алып жатыр.

Ресей Қытайға электр энергиясын экспорттауды екі есеге арттырды

2022 жылдың басынан бері Ресейден Қытайға экспортталатын электр энергиясының көлемі екі есе артты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Соңғы бес ай ішінде құны 85,2 миллион доллар болатын 1,78 миллиард кВт/сағ жеткізілген. 

Бейжің 1 кВт/сағ электр энергиясын 0,5 долларға сатып алып жатыр. 

Қаңтар мен мамыр аралығында Қытайда электр энергиясын тұтыну көлемі 2,5%-ға өсті. Сарапшылар сұраныс 5-6 пайызға артады, яғни 8,8 триллион кВт/сағ-қа дейін жетеді деп топшылап отыр.

Бұған дейін Литваның Энергетика министрлігі 22 мамырдан бастап Балтық елдері Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тартқанын хабарлады. Сонымен қатар Litgrid деп аталатын литвалық оператор 13 мамырда RAO Nordic Oy компаниясы 14 мамырдан бастап Финляндияға электр энергиясын жеткізуді тоқтататынын жариялаған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу