Қытай билігі Ресей Президенті Владимир Путиннің Мәскеу мен Бейжің арасындағы қарым-қатынас туралы пікірін жоғары бағалайды, ресейлік президенттің бұл мәлімдемесі ҚХР-мен арадағы қарым-қатынасты дамытуға қаншалықты көңіл бөлетінін тағы бір рет көрсетті. Қытайдың Сыртқы істер министр ресми өкілі Чжао Лицязн осылай деді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
Путин Ресей СІМ-нің кеңейтілген алқасында сөйлеген сөзінде Ресей мен Қытай өзара ынтымақтастықты нығайтатынын айтты.
"Владимир Путиннің Ресей-Қытай арасындағы қарым-қатынас туралы пікірі Ресей тарапының, әсіресе Ресей басшысының Қытаймен қарым-қатынасты дамытуға қаншалықты көңіл бөлетінін көрсетті. Қытай тарапы мұны жоғары бағалайды", – деді дипломат.
Еске сала кетсек, 20 жыл бұрын қос мемлекет татулық, достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған еді.
"Елдеріміздің бұрынғы, қазіргі не болашақ қарым-қатынасы өзара сенім және бір-бірінің негізгі мүдделерін қорғау қағидаттарына негізделеді", – деді ол.
Табиғат Нұрболат