Ресей Қытаймен бірлесіп Шығыс Қытай теңізінде әскери жаттығу өткізбек

671

Сәрсенбіде Шығыс Қытай теңізінде Ресей мен ҚХР әскери-теңіз маневрлері зымыран мен артиллериялық атыстармен басталады.  

Ресей Қытаймен бірлесіп Шығыс Қытай теңізінде әскери жаттығу өткізбек Фото: hodmysley.ru

"Теңіздегі өзара қатынас-2022"  атты Ресей-Қытай әскери-теңіз жаттығулары 21-27 желтоқсан аралығында Шығыс Қытай теңізінде өтеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

19 желтоқсанда Ресей әскери күштері Владивостоктан Тынық мұхиты флотының кемелері оқу-жаттығуға шыққандығы туралы хабарлады. Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жаттығудың барысында бірлескен зымырандық және артиллериялық атыстар, қару-жарақты практикалық қолданумен бірлескен суасты қауіптеріне қарсы іс-қимылдарды пысықтау жоспарланған.

"Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы әскери-теңіз ынтымақтастығын нығайту, Азия-Тынық мұхиты аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау", - деп хабарлады РФ Қорғаныс министрлігі.

Кеме құрамдас бөлігінен басқа жаттығуға Тынық мұхиты флотының теңіз авиациясы мен ҚХАА Әскери теңіз күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары қолданылатын болады.

Оқу-жаттығуда Ресейді Тынық мұхиты флотының флагманы "Варяг" крейсері, "Маршал Шапошников" фрегаты, "Ресей Федерациясының Батыры Алдар Цыденжапов" пен "Мінсіз" корветтері ұсынады.

Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Қытайдың әскери-теңіз күштерінен екі эскадрилья, екі күзет кемесі, жан-жақты жеткізілім кемесі мен дизельді сүңгуір қайық тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу