Ресей Қытаймен криптовалютамен есеп айырыспақ

249

Ресейде криптовалютамен эксперименттік операцияларға арналған фокус-топ құрылды. 

Ресей Қытаймен криптовалютамен есеп айырыспақ Фото: pixabay

Оған Ресейдің Сауда-өнеркәсіп палатасы (СӨП) мен электрониканы жасаушылар мен өндірушілер қауымдастығы (ЭЖӨҚ) мүшелерінің жеке импорттаушылары, сондай-ақ кейбір банктер кірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Цифрлық валютада есептеуге рұқсат етілген импорттаушылардың бірінші тобына электроника өндірушілері, сауда-өнеркәсіп палатасының мүшелері мен бірнеше банктер кірді.

Ең алдымен, билік Қытайдан бейбіт мақсатта ғана емес, әскери мақсатта да қолданыла алатын қос мақсатты тауарларды сатып алатын компанияларды таңдады. Дәл осындай импорттаушылар Қытай мен басқа елдердің банктеріне төлем жасауда үлкен қиындықтарға тап болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу