Ресей Ливиядағы әскери қатысуын күшейтпек

510

Бұл оған Еуропаның оңтүстік табалдырығында орнығып алуға мүмкіндік береді. 

Ресей Ливиядағы әскери қатысуын күшейтпек Фото: rg.ru

Ресей Федерациясы өзінің әскери қатысуын Ливияның шығысында, соның ішінде, әскери-теңіз базасын құруды кеңейтуге ниетті. Бұл оған Еуропаның оңтүстік табалдырығында орнығып алуға жағдай жасайды, деп жазады inbusiness.kz сайты, bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік дереккөздері Ресей президенті Владимир Путин мен Ливия ұлттық армиясының Бас қолбасшысы Халифа Хафтар арасындағы әскери келісім бойынша жұмыс 2023 жылы қыркүйек айының соңында Мәскеуде кездескеннен кейін басталғанын мәлімдеді.

"Ресейдің Ливиядағы әскери белсенділігі АҚШ пен оның еуропалық одақтастары үшін жаңа сынақ болып табылады. Олардың Кремльмен қарым-қатынасы Ресейдің Украинаға басып кіруіне және Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс жағдайында Таяу Шығыстағы кең қақтығысқа қатысуына байланысты айтарлықтай шиеленісе түсті", деп хабарлайды Bloomberg. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу