Ресей мамандары қазақстандық балмұздақтан ішек таяқшаларын тапты

716

Сарапшылар 38 өндірушінің тәттілерін зерттеген. 

Ресей мамандары қазақстандық балмұздақтан ішек таяқшаларын тапты Фото: freepik

Ресейлік сапаны бақылау ұйымы қазақстандық балмұздақ брендінің өнімдерінде ішек таяқшалары барын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сарапшылар 38 өндірушінің тәттілерін зерттеген, олардың ішінде 37 ресейлік брендтің және бір қазақстандық – “Шин Лайн” брендінен "Мишка на полюсе" балмұздағы бар. Зерттеу нәтижесі бойынша, 29 өндірушінің өнімдерінен әртүрлі зиянды қоспалар анықталды.

Сапаны бақылау ұйымы қазақстандық "Шин Лайн" компаниясының "Мишка на полюсе" балмұздағынан және "Ермолина" балмұздағынан ішек таяқшаларын тапқан. Сарапшылар мұндай бактериялар термиялық өңдеуден өтпеген өнімдерде болуы мүмкін екенін атап өтті. Ішек таяқшасы балмұздаққа өнімді өндіру технологиясы бұзылғанда немесес жеткізу және сақтау кезеңінде қаптаманың бүтіндігі бұзылса түсуі мүмкін.

Алайда "Шин Лайн" компаниясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" тәуелсіз зертханасының қорытындысы бойынша "Мишка на полюсе" балмұздағынан ішек таяқшасы табылмағанын хабарлады. 

"Шин-Лайн компаниясының сарапшылары жазда микробиологияға қатысты шағымдардың себебі көтерме және бөлшек сауда нүктелеріндегі жүктерді тасымалдау және сақтау талаптарының бұзылуынан болуы мүмкін деп санайды", – делінген компанияның хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу