Ресей Мажарстанда 2 ядролық реактор салатын болды. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Оның айтуынша, Венгрия "Пакш" деп аталатын атом электростанциясын дамытқысы келеді. Сол үшін ресейліктермен әріптестік байланыс орнатқан. Енді екі ел энергетика саласы бойынша тығыз қарым-қатынас жасайды. Мәселен 2020 жылдан бастап мажарларға Ресейдің газы жеткізілетін болады.
"Жақында "Росатом" Венгрияда "Пакш" деп аталатын екі жаңа энергоблоктың құрылысын бастайды. Бұл атом электр станциясы қазірдің өзінде Мажарстан тұтынатын энергияның 40 пайызын өндіреді", - дейді Путин..