Ресей мен АҚШ ақпараттық қауіпсіздік бойынша қарар жобасын дайындады

830

Жоба қарусыздандыру мәселелерімен айналысатын БҰҰ-ның Бас Ассамблеяның Бірінші комитетіне енгізілді.

Ресей мен АҚШ ақпараттық қауіпсіздік бойынша қарар жобасын дайындады Фото: reuters.com

Ресей мен АҚШ бірлесе БҰҰ Бас Ассамблеясының қарар жобасын дайындады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ұйымның мәлімдемесіне сілтеме жасап. Құжатта ақпараттық ресурстар мен технологияларды қылмыстық және террористік мақсатпен пайдалануға жол бермеу қажеттілігі туралы жазылған. 

Қарар жобасына сәйкес, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды барлық мемлекеттердің мүддесі үшін бейбіт мақсатпен пайдалануға жәрдемдесу қажеттігін қолдайды. 

Әдетте БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар жобалары бойынша дауыс беруді желтоқсан айында бастайды. Оған дейін қарардың жобасын тиісті комитет мақұлдауы керек. Бұл жоба қарусыздандыру мәселелерімен айналысатын БҰҰ Бас Ассамблеяның Бірінші комитетіне енгізілді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу