Бұған дейінгі келіссөздер де 27 ақпанда Ыстамбұл қаласында өткен еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Ресей мен АҚШ арасындағы консультациялар 10 сәуір күні Ыстамбұлда ұйымдастырылады.
– 10 сәуірге жоспарланған, – деген ТАСС агенттігіне жауап берген дереккөз.
Осыған дейін Ресей СІМ ТАСС агенттігіне мәлімдеме жасап, Ыстамбұлда өтетін Ресей мен АҚШ арасындағы консультациялардың екінші раундына Ресей тарапынан елші Александр Дарчиев, АҚШ тарапынан Мемлекеттік хатшының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі көмекшісінің орынбасары Соната Коултер басшылық ететінін хабарлаған.
Алдыңғы ресейлік-америкалық келіссөздер 27 ақпанда Ыстамбұлда өткен. Кездесуден соң Ресей СІМ "талқылаулар мазмұнды әрі іскерлік сипатта өтті" деп жариялаған-ды. Қос тарап бұл арна арқылы диалогты жалғастыруға уағдаласқанын атап өткен.