Ресей мен АҚШ виза мәселесін талқылайды

933

Анатолий Антонов АҚШ-тың Ресейге қарсы енгізген санкциялары нәтижеге әкелмейді деп есептейді. 

Ресей мен АҚШ виза мәселесін талқылайды

Ресей мен АҚШ жақын арада виза беру мәселесін талқылайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz Вашингтондағы Ресей елшісі Анатолий Антоновтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.  

Оның айтуынша, ол 21 маусымда АҚШ билігіне кездесу туралы ұсыныс тастаған. Елші жақын арада Женевадағы саммитте қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру үшін бірқатар мәселе бойынша америкалық тараппен сөйлесуге ниетті.

Бұған дейін Антонов АҚШ-тың Ресейге қарсы енгізген санкциялары нәтижеге әкелмейді, елдің сыртқы немесе ішкі саясатына әсер етпейді деп мәлімдеген еді. Елшінің пікірінше, соңғы жылдары Америка Құрама Штаттары көптеген шектеулер енгізсе де, олардың Ресейге тигізіп жатқан әсері аз. 

16 маусымда Женевадағы Ла Гранж вилласында Ресей мен АҚШ президенттерінің кездесуі өткен болатын. Қос президент келіссөздердің сындарлы және позитивті өткенін мәлімдеді. Келіссөздердің нәтижесі бойынша, Ресей Федерациясы мен АҚШ ядролық соғыста жеңімпаз болуы мүмкін еместігін және ешқашан ондай соғысты ашуға болмайды деген ұстанымды тағы да растады. Сонымен қатар бірқатар мәселе бойынша келісімге келді. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу