Ресей мен Беларусь спортшылары допты хоккейден әлем чемпионатына қатыспайды

2019 жылы Швецияда өткен чемпионатта Ресей құрамасы жеңімпаз атаған.   

Ресей мен Беларусь спортшылары допты хоккейден әлем чемпионатына қатыспайды Фото: prosports.kz

Ресей мен Беларусь спортшылары 2023 жылғы допты хоккейден әлем чемпионатына қатыспайды. Бұл туралы Халықаралық допты хоккей федерациясы хабарлады.

"А тобындағы ойыншылар 2020 жылы, сондай-ақ 2021, 2022 жылдары пандемияға байланысты чемпионаттарда өнер көрсеткен жоқ. Ал соңғы кезде геосаяси жағдайға байланысты Ресей мен Беларусь 2023 жылы чемпионаттарға қатыспайды", - деп жазылған хабарламада.

Соңғы рет аталған спорт түрінен әлем чемпионаты 2019 жылы Швецияда өткен. Сол кезде Ресей құрамасы жеңімпаз атаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу