Ресей мен Беларусь спортшылары Паралимпиададан шеттетілді

1093

Жарыс ертең басталады.

Ресей мен Беларусь спортшылары Паралимпиададан шеттетілді Фото: ria.ru

Халықаралық Паралимпиада комитеті Беларусь және Ресей спортшыларына 2022 жылғы ойындарға қатысуға тыйым салды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұйымның сайтындағы мәлімет бойынша, мұндай шешім комитет басқармасының арнайы отырысының қорытындысы бойынша қабылданды.

Ескере кететін жайт, жарыс ертең басталады. Бастапқыда Беларусь пен Ресей құрамалары Халықаралық паралимпиада комитетінің туы көтеріп өнер көрсетеді деп жарияланған еді.

24 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донбаста "арнайы әскери операцияның" басталғанын жариялады. 21 ақпанда Ресей Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындады. Ресми Мәскеу олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойды. Путиннің бұл әрекетін БҰҰ-ның барлық дерлік елі айыптап отыр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу