Ресей мен Беларусь ядролық жаттығулардың екінші кезеңін бастады

428

Стратегиялық емес ядролық күштердің жаттығулары сарбаздар мен техниканың дайындығын сақтауға бағытталған.

Ресей мен Беларусь ядролық жаттығулардың екінші кезеңін бастады Фото: AP/Russian Defense Ministry Press Service

Ресей мен Беларусь стратегиялық емес ядролық күштер жаттығуларының екінші кезеңін бастады. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі өзінің ресми Telegram арнасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарияланған хабарламада оқу-жаттығу барысында "Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы Қарулы Күштері бөлімдерін стратегиялық емес ядролық қаруды жауынгерлік қолдануға бірлесіп даярлау мәселелері" пысықталатыны айтылған. Қорғаныс Министрлігі олардың "егемендігі мен аумақтық тұтастығын" қамтамасыз ету мақсатында екі мемлекеттің "стратегиялық емес ядролық қаруды жауынгерлік қолдану бөлімдерінің жеке құрамы мен техникасының дайындығын қолдауға" бағытталғанын атап өтті.

Ресей Федерациясындағы ядролық жаттығулардың бірінші кезеңі 21 мамырда басталды. Оған, Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, "Искандер" кешендері мен "Қанжар" гиперсониялық зымырандары тартылған. Министрлік "Ресей Федерациясына қарсы жекелеген Батыс шенеуніктерінің арандатушылық мәлімдемелері мен қоқан-лоққыларымен" жаттығудың басталуын негіздеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу