Ресей мен Грузия шекарасында 3 мыңға жуық жүк көлігі тұрып қалды

243

Жасыл аймақта 400 көлік тұр.

Ресей мен Грузия шекарасында 3 мыңға жуық жүк көлігі тұрып қалды Фото: region15.ru

2,7 мыңнан астам жүк көлігі Солтүстік Осетиядағы "Жоғарғы Ларс" өткізу пунктінде Ресей-Грузия шекарасы арқылы өте алмай тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

29 шілде күні таңертең жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының (ЖҚҰО) деректері бойынша жол жүруге электрондық кезекте 2 мың 737 жүк көлігі тіркелген. "Жасыл аймақтағы" көлік саны 400-ге жетті.

Шілде айының басында Солтүстік Осетия басшысы Сергей Меняйло республикада тым көп жиналуына байланысты ауыр жүктерге кіруді шектеді.

Грузия әскери жолы – Ресейді Грузия мен Армениямен байланыстыратын жалғыз құрлық жолы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу