Ресей мен Қазақстан арасында автобус рейсінің саны қысқарып жатыр

805

Томскіден Семейге жүретін автобус рейсінің саны қысқартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Интерфакс-Қазақстан" ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ресей мен Қазақстан арасында автобус рейсінің саны қысқарып жатыр

"Осылайша, жұма күні Рубцовск (Алтай өлкесі) арқылы Семейге жалғыз автобус жүретін болады, барлық билет сатылып кетті. Бұрын Қарағандыға да автобус қатынайтын. Қазір ол да жүрмейді", – дейді Томск вокзалының қызметкері.

Ол аталған бағыт бойынша жолаушылар тарапынан сұраныс барын, автобус рейсінің неге тоқтағаны белгісіз екенін атап өтті.

"Бүгінде автобус жолаушыларды Қазақстан шекарасына дейін жеткізеді. Кейін олар сол жерден басқа автобусқа отырады", – дейді вокзал қызметкері.

Қазақстандағы Ресей елшілігінің дерегінше, қазіргі таңда ресейліктер мен шетел азаматтары Қазақстанға тек әуе рейстерімен келе алады. Алайда Ресей азаматы шекарадағы өткізу пункттері арқылы елге өткісі келсе, оған нақты себеп болу керек. Мысалы, этникалық қазақ болуы, ауыр дертке шалдыққан туысын күту, жақын туысын жерлеу, елде тұруға ықтиярхаттың болуы және тағы басқа.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу