Ресей мен Қазақстан арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді

960

Құжат ресми құқықтық ақпарат порталында жарияланды. 

Ресей мен Қазақстан арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді

Онда шарт 2022 жылдың 4 мамырында күшіне енгені туралы жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Келісімге сәйкес, Ресей мен Қазақстан тараптардың бірінің өтініші болған жағдайда қауіпсіздік мүддесі үшін әскерлер мен күштерді пайдалануды бірлесіп жоспарлау, аймақтық қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұру, жедел және жауынгерлік дайындық, әскери білім және ғылым, әскерлер мен күштердің қызметін жан-жақты қамтамасыз ету, бітімгершілік, сияқты салаларда әскери ынтымақтастықты жүзеге асырады. 

Сонымен қатар бөлек тармақта Ресей мен Қазақстанның әскери барлау саласында ынтымақтасатыны және басқа тарапқа қарсы бағытталған барлау қызметін жүргізбеуге міндеттелгені атап өтілген.

Сондай-ақ қос ел өз аумақтарын басқа тарапқа қарсы бағытталған қызметті жүзеге асыру мақсатында үшінші тараптың пайдалануына жол бермейтіні белгіленген. 

Тараптардың бірінің қауіпсіздігіне, тәуелсіздігіне немесе аумақтық тұтастығына қатер төндіретін жағдай болса, бір-біріне көмек көрсетуге, соның ішінде әскери көмек көрсетуге келіседі.

Келісімшарттың мерзімі 10 жыл. 2020 жылдың қазан айында Қазақстанның қорғаныс министрлігі осы келісім күшіне енгеннен кейін 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім өз күшін тоқтататынын хабарлады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу