Ресей мен Қазақстан премьер-министрлері энергетика және көлік саласындағы жобаларды, инвестициялық ынтымақтастықты талқылады

810

Бұл туралы Ресей үкіметінің сайтында жарияланған. 

Ресей мен Қазақстан премьер-министрлері энергетика және көлік саласындағы жобаларды, инвестициялық ынтымақтастықты талқылады

Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Михаил Мишустин Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Үкімет басшылары ресейлік-қазақстандық сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін қарастырды. Басты назар инвестициялық салаға және энергетика және көлік салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға аударылды", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Мишустин мен Смайылов Ресей мен Қазақстан арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да көпжақты форматтағы ынтымақтастықты тереңдету маңыздылығын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу