Ресей мен Қытай арасындағы алыс-беріс көлемі күрт артты

687

Өткен жылы, керісінше, қысқарған еді. 

Ресей мен Қытай арасындағы алыс-беріс көлемі күрт артты

Ресей мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2021 жылдың бірінші жартысында 28,2%-ға күрт өсті, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚХР-дың бас кеден басқармасына сілтеме жасап. 

Маусым айында қос ел арасындағы сауда көлемі 12,2 миллиард долларға жетті. Бірінші жарты жылдықта Ресейдегі экспорт 38,4%-ға өсіп, 28,9 миллиард доллар болды. Ресейлік тауарлар мен қызметтердің импорты 20,6%-ға артып, 34,1 миллиард долларға дейін жетті. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда көлемі 2,9%-ға (107,7 миллиард долларға дейін) төмендеген еді.

Маусым айында Ресей президенті Владимир Путин Қытаймен арадағы тауар айналымы рекордтық деңгейге жететінінен үмітті екенін мәлімдеген болатын. Жалпы, алыс-беріс үнемі өсіп келеді. 2001 жылдан бері Қытай мен Ресей арасындағы өзара тауар айналымы 14 есеге артты.

Бұған дейін қос тарап екіжақты мәмілелерде долларды пайдалануды 46%-ға дейін төмендеткені туралы хабарланды. Мысалы, 2015 жылы мәмілелердің шамамен 90%-ы америкалық валютада жүргізілді. Сарапшылардың пікірінше, олар әлемдік нарықтарда америкалық валютаның үстемдігін бәсеңдетуді көздеп отыр.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу