Бұл туралы ТАСС ҚХР СІМ-ге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Ведомство хабарлағандай, мұндай келісімге 27 ақпанда Бейжіңде өткен Азия өңірінің істері бойынша консультациялардың жаңа раунды барысында қол жеткізілді.
Отырыстың тең төрағалары ҚХР СІМ Азия істері департаментінің директоры Лю Цзиньсун мен Ресей СІМ Азия мен Тынық мұхиты ынтымақтастығы департаментінің директоры Алексей Овчинников болды.
"Тараптар Азия өңіріндегі ахуал, өңірлік ынтымақтастық пен өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелер бойынша терең пікір алмасты, қазіргі жағдайда Қытай мен Ресей Азия істері бойынша өзара іс-қимыл мен үйлестіруді нығайтып, өңірдің қауіпсіздігі мен даму мүдделерін бірлесіп қорғауы қажет деп келісті", - деп хабарлады ҚХР СІМ.