Ресей мен Қытай бірлескен әскери маневрлерді бастады

679

Бейжің Ауғанстандағы жағдайға алаңдаулы. 

Ресей мен Қытай бірлескен әскери маневрлерді бастады

Ресей мен Қытай Ауғанстандағы шиеленіс жағдайында Қытайдың солтүстік-батысында, Нинся-Хуэй автономиялық аймағында бірлескен әскери маневрлерді бастады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап. 

9 тамызда басталған оқу-жаттығу шаралары 13 тамызға дейін жүргізіледі. Жер үсті әскерлері мен авиацияның іс-қимылдарын пысықтау, сондай-ақ Қытай мен Ресей әскерлерінің өзара іс-қимылын жақсарту жоспарлануда. 

"Әскери жаттығу Қытай мен Ресей қарулы күштерінің терроризмге қарсы бірлескен операцияларын жетілдіруге және екі елдің халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты бірлесіп қамтамасыз етуге деген ынтасы мен күшін көрсетуге бағытталған, жаттығулар екі держава арасындағы сенімнің жаңа деңгейін көрсетеді", – деп жазды Синьхуа агенттігі.

Қытай Ауғанстандағы жағдайға алаңдаулы. Өйткені Ислам республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданымен шектеседі. Бұған дейін ҚХР "Талибан" қозғалысының өкілдеріне серіктестік орнатып, қытайлық инфрақұрылымдық жобалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және "Шығыс Түркістан ислам қозғалысымен" арадағы ынтымақтастықтан бас тартуды ұсынған болатын.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу