Ресей мен Қытай ғарышты бірге бағындыруды жоспарлауда

1774

Қос мемлекет Ай мен ғарыш туралы ақпараттарды бір ортаға тоғыстыратын мәліметтер орталығын құрмақ. 

Ресей мен Қытай ғарышты бірге бағындыруды жоспарлауда

Бұл туралы Ресей үкіметенің құқықтық актілері порталында жарияланған қаулысында жазылған, деп хабарлады РИА Новости. 

Аталмыш құжатқа сәйкес, Роскосмос пен Ресейдің СІМ-і Қытаймен осы мәселе төңірегінде келіссөздер жүргізуге келісім берген. Бұл ретте ғарыштық зерттеулер институтының директоры Анатолий Петрукович, осы шешімді екі ел ғалымдары көптен күткенін айтады. 

Мәліметтер банкінде кеңес одағы кезіндегі деректерден бастап, қос мемлекет пен өзге елдердің ашық дереккөздеріндегі барлық ақпараттар тоғыстырылады. Оның ішінде Айдың ғарыштан жасалған суреттері, топырақ жабындысы туралы жаңалықтар бар. 
"Айды зерттеу бойынша жүргізілетін ғылыми ізденістердің барлығына осы орталық мәліметтерін пайдалуға болар еді",– дейді Анатолий Петрукович. 

Ғалымның пікірінше, бастапқыда бұл орталық деректеріне тек екі ел зерттеушілері қол жеткізе алады. Алайда кейін әріптестікке үшінші мемлекет қосылуы мүмкін. 

Қазіргі кезде Роскосмос пен Ресей ғылым академиясы 2040 жылы Айды игеру бойынша зерттеу жұмысының концепциясын дайындауда. Оны 2019 жылдың күзінде жазып бітіру қажет.

Бүгінде Ресей Айға "Ай – 25", "Ай – 27" және орбиталды "Ай – 26" кемелерін ұшыруды көздеп отыр. Сонымен қатар, 2030 жылы Айға алғашқы ресейлік аяқ басады деп жоспарлануда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу