Ресей мен Қытай газ бағасына қатысты келісе алмады

308

Қытай Ресей Федерациясындағы ішкі баға деңгейінде "Сібір күші - 2" газының бағасын белгілеуді талап етті, деп жазады FT. Мәскеу — қарсы. 

Ресей мен Қытай газ бағасына қатысты келісе алмады Фото: РБК

Ресейдің Қытаймен "Сібір күші - 2" газ құбырын салу туралы келісімге келу әрекеттері баға саясатындағы келіспеушіліктер мен Бейжің Мәскеуден сатып алғысы келетін газ мөлшеріне байланысты тоқтап қалды. Бұл туралы Financial Times газеті келіссөздердің барысымен таныс үш дереккөзге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Басылымның дереккөзінің айтуынша, Қытай "Сібір күші - 2" арқылы жеткізілетін газ үшін мемлекеттік субсидиялардың арқасында белгіленген деңгейде сақталып келген Ресейдегі отынның ішкі бағасына жақын бағаны төлегілері келеді. Сонымен қатар, Бейжің газ құбырының қуаты жеткізе алатын отын көлемінің аз ғана бөлігін сатып алуға дайын. 

Бұл мәселедегі келіспеушіліктер "Газпром" ЖАҚ басқарма және директорлар кеңесінің төрағасы Алексей Миллердің 2024 жылдың мамырында Ресей президенті Владимир Путиннің Қытайға сапарына бірге еріп бармауына себеп болған. Құбыр мәмілесі Путин қытайлық көшбасшы Си Цзиньпинмен кездесу барысында талқылаған үш негізгі тақырыптың бірі болды, деп хабарлайды FT дереккөздері. Қалған мәселелер — Ресей Федерациясындағы Қытай банктерінің белсенділігін арттыру туралы өтініштер мен Бейжіңді маусым айының ортасында Швейцарияда өтетін Украина бойынша бейбіт конференцияға немқұрайлы қарауға шақыру.

Миллердің мұндай маңызды келіссөздерде болмауы "өте символдық" болды, деп атап өтті Колумбия университетінің жаһандық энергетикалық саясат орталығының ғылыми қызметкері Татьяна Митрова. Сонымен бірге, Бейжіңнің "Сібір күші - 2" туралы қатаң ұстанымы Ресейдің Украинаға толық басып кіруі Путинді экономикалық қолдау тұрғысынан Бейжіңге қалай тәуелді ететінін көрсетеді, деп жазады газет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу