Ресей мен Қытай Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны күшейтуге вето жариялады

1111

Резолюция бойынша КХДР-ға жеткізілетін мұнай көлемін төмендету қарастырылған.

Ресей мен Қытай Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны күшейтуге вето жариялады

Қытай мен Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Солтүстік Кореяға қарсы қатаң санкциялар енгізуге вето жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

АҚШ ұсынған резолюция бойынша КХДР-ға мұнай жеткізу көлемін төмендету, яғни үш миллион баррельге немесе 393 750 тоннаға дейін қысқарту қарастырылған. Қауіпсіздік Кеңесіне мүше 13 ел Солтүстік Кореяға қарсы шектеулерді күшейтуді қолдап дауыс берді. 

Құжатта Қауіпсіздік Кеңесі ресми Пхеньянның 24 наурызда құрлықаралық баллистикалық зымыранды ұшырғанын айыптайтыны жазылған. 2077 жылғы 2397 қарардың мәтініне сәйкес, ядролық сынақтар өткізіліп, зымырандар ұшырылған жағдайда Солтүстік Кореяға жеткізілетін мұнай көлемін қысқарту шаралары қабылдануы тиіс.

Бұған дейін Қытайдың БҰҰ-дағы Тұрақты өкілдігі АҚШ-тың КХДР-ға қарсы санкцияларды күшейту туралы қарарының жобасын сынға алған болатын. Ресми Бейжің бұл шектеулер мәселені шешуге септігін тигізбейді деген пікірде.

Табиғат Нұрболат

Фото: shutterstock.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу