Ресей мен Өзбекстан газ жеткізуді талқылап жатыр

463

Өзбекстанның Энергетика министрлігі мен "Газпром" компаниясы газ жеткізу бойынша орта және ұзақ мерзімді келісімшарттар туралы келіссөздерге кірісті, деп жазады inbusiness.kz gazeta.uz порталына сілтеме жасап. 

 Ресей мен Өзбекстан газ жеткізуді талқылап жатыр Фото: Агентство новостей Podrobno.uz

Өзбекстанның Энергетика министрі Журабек Мырзамахмудовтың айтуынша, ұзақ мерзімді әріптестік аясында ресейлік "көгілдір отынды" жеткізу Өзбекстандағы экономиканың өсуін, халық санын және энергия ресурстарына сұранысты ескере отырып, күзгі-қысқы кезеңде газ тапшылығының бір бөлігін жабуға көмектеседі.

"Президентіміздің [Ресейге] ресми сапары аясында "Газпроммен" газ жеткізу бойынша орта және ұзақ мерзімді келісімшарттар туралы келіссөздерді бастадық", — деді Мирзамахмудов.

Маусым айында Өзбекстан үкіметі мен "Газпром" Ресей газын Өзбекстанға жеткізу туралы келісімге, сондай-ақ газ тасымалдау жүйесін отынды қабылдау мен тасымалдауға дайындау жөніндегі "Жол картасына" қол қойды.

Кейін Өзбекстанның Энергетика министрлігі келісім екі жылға жасалғанын, жеткізу көлемі тәулігіне 9 млн текше метрді, жылдық көлемі шамамен 2,8 млрд текше метрді құрайтынын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу