Бұл туралы "Азия плюс" АА Ресейдің орталық әскери округінің (ОӘО) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Агенттік хабарлағандай, Харбмайдон полигонында өтетін оқу-жаттығу 7 сәуірге дейін жалғасады. Ресейден жалпы саны 300-ден асатын 201-ші әскери базаның бөлімшелері қатысады. Олардың құрамында таулы, мотоатқыштар, танк, артиллериялық бөлімшелер, радио-хим - био (РХБ) қорғау бөлімшелері мен ОӘО-ның мобильді радиоэлектрондық күрес топтары бар.
Әскерилер одақтас мемлекеттің аумағына басып кірген таулы жерлерде заңсыз қарулы құралымдарды жою жөніндегі бірлескен операцияны дайындауды және жүргізуді, сондай-ақ содырларды бұғаттау не жою кезінде бірлескен күштердің бөлімшелерін басқаруды пысықтайды.
Тәжікстанда орналасқан 201-ші әскери база бөлімшесі - Ресейден тыс жерде орналасқан ресейлік ең ірі әскери нысан.