Түркияның кеден және сауда министрі Бюлент Тюфенкчи Анкара 2017 жылы еркін сауда туралы Мәскеумен келісімге қол қоюы мүмкін екенін мәлімдеді.
"Ара-қатынасымыздың қалыпқа келгенін және 2017 жылы еркін сауда туралы келісімге қол қоюымыз мүмкін екенін ескеріп, Ресеймен экономиканың барлық салаларында және саудада көрсеткіштер жоғарлайды деп болжап отырмыз. Сауда қатынастарымызда түрік лирасы мен рубльді пайдалану мәселесінде ресейлік әріптестермен техникалық келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл екі елге де артықшылықтар береді, өзара сауданы жандандырып, оның мүмкіндіктерін кеңейтеді", – деп келтіреді министрдің сөзін "РИА Новости".
Естеріңізге сала кетейік, Ресейге Түркиядан көкөніс пен жеміс-жидек тасымалдауға үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап тыйым салынған болатын. Дегенмен 11 қазанда Ресей бірқатар жемістерге қатысты тыйымды алып тастады.