Ресей мен Түркия Идлибте тыныштық орнататын болды

738

Ресей Президентінің айтуынша, Астана процесінің арқасында Сириядағы мәселені реттеу айтарлықтай нәтиже берген.

Ресей мен Түркия Идлибте тыныштық орнататын болды

Сирияның Идлиб провинциясында тыныштық орнайды. Путин мен Ердоған 6 сағат бойы Кремльде келіссөз жүргізіп, "Астана" форматы аясында бірлескен жұмысты жалғастыратын болды, деп хабарлайды Atameken Business.

Ресей Президентінің айтуынша, Астана процесінің арқасында Сириядағы мәселені реттеу айтарлықтай нәтиже берген. Тараптар Идлибтегі гуманитарлық дағдарысты жойып, босып кеткен жергілікті халықты отанына қайтаруды көздейді.

Естеріңізде болса, өткен аптада, Идлиб провинциясына "Сириялық режимнің" қарулы күштері әуе шабуылын жасап, Түркияның 35 сарбазы жан тапсырған. Осыдан кейін түріктер де қарымта қайтарды.

Бүгінде Идлиб Сириядағы оппозиция бақылауына алған жалғыз аймақ. Қазір бұл жерде 3,5 млн-нан аса босқын бар. Олар билікке бағынғысы келмейді. Ал түріктер болса, үкіметке қарсы топты қолдап отыр. Ресей керісінше, Асад режиміне барлық жағдайды жасаған. Салдарынан аймақта қарулы қақтығыстар жиілеп кетті.

Өткен жылдың соңынан бері 1 млн-ға жуық жергілікті тұрғын бас сауғалаған. Олар қазір Грекияның шекарасын жағалап жүр.

"Сириядағы жағдайға қатысты Түркиямен ойымыз бір жерден шыға бермейді. Дегенмен, қиын-қыстау кезеңде жоғары дәрежелі екіжақты байланыс орнату нәтижесінде даулы мәселелерді шешіп, тығырықтан шыға аламыз",– дейді Ресей басшысы Владимир Путин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу