Ресей мен Түркия СІМ басшылары астық мәмілесін талқылады

598

Ресей қандай жағдайда үшжақты келісім бойынша міндетін орындайтынын айтып, өз талаптарын қойды.

Ресей мен Түркия СІМ басшылары астық мәмілесін талқылады Фото: aa.com.tr

Дүйсенбіде Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров түрік әріптесі Мевлют Чавушоғлумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ресей СІМ хабарына сілтеме жасап.

"Тараптар биыл 29 қазанда Украинаның әскери кемелер мен азаматтық кемелерге қарсы жасаған террористік әрекеті төңірегіндегі жағдайды талқылады", – делінген хабарламада.

"Сөз барысында С.Лавров ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу қажеттілігін сылтауратып, Ресей Федерациясына қарсы әскери қимылдар жүргізу үшін гуманитарлық дәліз бен украин порттарын пайдаланбау туралы Украина тарапынан кепілдіктер алуды талап етті. Тек сол кезде ғана "Қара теңіз бастамасы" айқындаған қауіпсіздік дәлізі бойынша қозғалысты қайта бастау туралы мәселені талқылауға болады", – делінген хабарламада.

Тағы бір мәселе, "тараптар БҰҰ мен батыс елдерінің ресейлік тыңайтқыштар мен ауылшаруашылық өнімдеріне қатысты пакеттік мәмілені жүзеге асыру үшін қосымша шаралар қабылдау қажеттілігімен келісті" делінген.

Сонымен қатар министрлер Оңтүстік Кавказдағы тұрақтандыруға жәрдемдесу жөніндегі қадамдарды талқылады, деп хабарлайды РФ СІМ.

Бұған дейін Түрік Тарапы Чавушоғлу Лавровпен телефон арқылы сөйлескенде астық дәлізі мен "Кавказдағы соңғы оқиғаларды" талқылағанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу