Ресей мен Түркия Сириядағы жағдайды талқылады

1017

Мәскеу мен Тегеранның позициялары ұқсас екені жарияланды.

Ресей мен Түркия Сириядағы жағдайды талқылады

Ресей Федерациясы президентінің Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев Астана форматындағы келіссөздер барысында Түркия тарапына Сирияның аумақтық тұтастығы мәселесін шешу керектігін айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, барлық тараптар Сириядағы жағдайдың тұрақтануына мүдделі, сондықтан Астана процесінің кепілгер елдері (Иран, РФ, Түркия) Сирияның егемендігін, аумақтық тұтастығын қолдайтынын мәлім етті.

"Бірақ, көріп отырғанымыздай, қиындықтар бар, оларды шешу керек", – деді Лаврентьев.

Иран делегациясының басшысы Али Асгар Хаджи Лаврентьевпен келіссөз жүргізгеннен кейін Мәскеу мен Тегеранның Сириядағы жағдайға қатысты позицияларының ұқсас екенін айтты.

21 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана форматындағы келіссөздер басталды. Екі күнге созылатын жиынға Иран, Ресей және Түркия елдерінің, сондай-ақ Сирия үкіметінің, Сирия қарулы оппозициясының және БҰҰ делегациялары қатысады. Қазіргі уақыттағы негізгі мәселелер – бұл елдені ахуалды саяси тұрғыда реттеу, Сирияны қалпына келтіру, босқындардың оралуы. 

Табиғат Нұрболат

Фото: afp.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу