Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің үшінші раунды 7 наурызда өтуі мүмкін. Бұл туралы Мемлекеттік думаның халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы, ресейлік делегацияның мүшесі Леонид Слуцкий, деп жазды inbusiness.kz.
"Үшінші раунд шынымен де жақын күндері өтуі мүмкін, бәлкім, дүйсенбі, 7 наурыз болар", – деді Слуцкий Соловьев LIVE бағдарламасының эфирінде.
Бұған дейін Жоғарғы Рададағы "Халық қызметшісі" фракциясының жетекшісі Дэвид Арахамия да келіссөздердің жаңа раунды 7 наурызда өтуі мүмкін екенін айтқан.
Құралай Құдайберген
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу