Ресей мен Украина шиеленісіндегі Қазақстанның ұстанымын анықтау үшін Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді

1395

Ресей Донецк пен Луганск халық республикаларының тәуелсіздігін мойындады. Бұған қатысты Қазақстанның ұстанымын анықтау үшін Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді, деп мәлімдеді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді үкімет үйінде журналистерге берген сұхбатында.

Ресей мен Украина шиеленісіндегі Қазақстанның ұстанымын анықтау үшін Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді

"Қазір біздің алдымызда Луганск пен Донецк халық республикаларының тәуелсіздігін тану мәселесі тұрған жоқ. Біз халықаралық құқық негіздерін және БҰҰ жарғысының негізгі қағидаларын негізге аламыз", – деді ол. 

Ол әлемдік қоғамдастықты жағдайды дипломатиялық жолмен шешуге шақырды.

"Иә, қазір жағдайдың нашарлап бара жатқаны түсінікті, сондықтан Қазақстан барлық халықаралық қоғамдастықты дипломатиялық күш-жігерді қолдануға дайын", – деді Тілеуберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу