Ресей мен Украина келісімі сәтсіз аяқталады

1283

Брюссельде бас қосқан Ресей мен Украинаның энергетика министрлері Еуропаға газ тасымалдауға қатысты ортақ келісімге келе алмады.

Ресей мен Украина келісімі сәтсіз аяқталады

Еурокомиссияның энергетикаға жауапты комиссары Марош Шефчовичтің айтуынша, оларға саяси ерік жеткен жоқ.

Atameken Business-тің хабарлауынша тараптар келесі айда тағы да кездеседі. Үшжақты консультация барысында Ресей 2020 жылдан бастап Украина арқылы көгілдір газын еуропалық заңнама нормасына сай тасымалдау тетіктерін қарастырады. Себебі қолданыстағы келісім мерзімі биыл аяқталады.

Жаңа келісімді жасауға Киев пен Мәскеу арасындағы саяси шиеленіс пен "Газпром" мен "Нафтогаз" арасындағы дау кедергі келтіруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу