Қазақстан Донбасқа әскер жіберуі мүмкін бе?

1699

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, ҰҚШҰ жарғысына сай, бітімгершілік контингенті тек сол ұйымға мүше елдердің аумағында ғана пайдаланылады. Ол елдер: Ресей, Армения, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан.

Қазақстан Донбасқа әскер жіберуі мүмкін бе?

"Өздеріңіз білесіздер, жуырда ҰҚШҰ бас хатшысы бітімгершілік контингентті "Донецк халық республикасы" мен "Луганск халық республикаларына" жіберу ықтималдығы туралы мәселеге түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл іс жүзінде мүмкін емес. Оны жіберу үшін арнайы резолюция бар, БҰҰ қауіпсіздігінің арнайы мандаты бар. Сол себепті бұл мәселе [күн тәртібінде] тұрған жоқ", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу