Ресей мен Украинаның әскери шығындарын есептеу мүмкін емес

554

Алайда Украина Әскери күштерінің дерегінше Ресей 70 мынан аса жауынгерінен айырылды. 

Ресей мен Украинаның әскери шығындарын есептеу мүмкін емес Фото: vpk.name

Екі тараптың да мәлімдемелерін тәуелсіз ақпарат көздері арқылы тексеру мүмкін емес, деп жазады, Inbusiness.kz, DW басылымына сілтеме жасап.

Басылым дерегінше, БҰҰ Украинаның 14 миллионға жуық тұрғыны мекендерін тастап кеткені туралы хабарлаған. 

Сонымен бірге Украина Әскери күштері Бас штабының мәліметі бойынша, Украинаға әскери шабуыл басталғаннан бері Ресей 70 мыңнан астам әскерін  жоғалтты.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 24 ақпаннан бері  Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің жалпы әскері шығындары орасан: жеке құрам-шамамен 70 250 адам қаза тапты; 2 659 танкі; 5 401 брондалған әскери көлік; 1 708 артиллериясы; РСЗО-380; 195 – әуе қорғанысы құралдары; 273 ұшақ; 252 тікұшақ; 1 406  Жедел-тактикалық деңгейдегі БПЛА; 351 қанатты зымыран; 16 – кеме/қайық; 4 107 автомобиль техникасы және автоцистерна; 152 арнайы техникасын жоғалтты.

Бұған дейін Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Президент Владимир Путинмен кездесуде Ресейде 300 мың адамды жұмылдыру туралы айтқан болатын. Алайда Путиннің ішінара жұмылдыруды аяқтау туралы Жарлығы әлі жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу