Ресей мен Үндістан ұлттық валютамен есеп айырысу мәселесі бойынша шаралар қабылдауда, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ресейдің Үндістандағы елшісі Денис Алиповтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Рубль-рупийді механизмі бұрыннан бар, қолданылуда. Қазір оның қолданылуын кеңейту мәселесі қарастырылуда", – деді дипломат.
Алипов сонымен қатар үнді тарапының Украинадағы Ресейдің арнайы операциясының мақсатын және Еуропадағы қауіпсіздік жағдайын түсінетінін атап өтті.
"Сондықтан Үндістанның қазіргі шиеленіске қатысты ұстанымының салмақты екенін көруге болады", – деді ол.
Бұған дейін Үндістан билігі 15 миллион баррель мұнайды Ресейден импорттау жағын қарастырып жатқанын мәлімдеген еді.
Табиғат Нұрболат
Фото: apnews.com