Ресей мен Жапония арасындағы жер дауы шешілмеді

2203

Ресей президенті мен Жапония премьер-министрі Курил аралдарына қатысты дауды шешу үшін осымен 25-рет жүздесіп отыр.  

Ресей мен Жапония арасындағы жер дауы шешілмеді Фото: reuters.com

Ресей президенті Владимир Путин мен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Мәскеуде кездесті. Тараптар Курил аралдарына қатысты дауды шешу үшін осымен 25-ші рет жүздесіп отыр. Алайда, осы жолы да бір мәмілеге келе алмай, бейбіт келісімге қол қойылмады, деп хабарлайды 24.kz.

Шара басталмас бұрын шаһардағы Жапония елшілігі алдында ондаған адам наразылық танытуға шықты. Полиция оларды қамауға алды.

Екі басшының келесі кездесуі ақпан айына қайта жоспарланды.

Естеріңізге салайық, Жапония оңтүстікте орналасқан 4 аралды өзіне тиесілі деп естептейді,  ал Ресей  Кеңес Одағы бұл аумақты Жапонияның екінші дүниежүзілік соғыстағы ахуалынан кейін заңды түрде алды деп санайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу