Ресей метросы Қытайды басып озды

604

Путин Мәскеуде Си Цзиньпинді қабылдауға дайындалып жатқанын және Қытай делегациясының Ресей астанасына сапары кезінде Мәскеу метросының үлкен айналма жолы (ҮАЖ) көрсетілетінін айтты.

Ресей метросы Қытайды басып озды

Ресей президенті Владимир Путин ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуге дайындалып жатқанын айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Ұзындығы 70 шақырымдық ҮАЖ әлемдегі ең үлкен жерасты метро сақинасына айналды, ол Қытайдағы біздің достарымыз - қазіргі көшбасшы Пекин метросының айналма жолын басып озды. Міне, жақында біз ҚХР Төрағасымен кездесеміз. Егер бағдарлама мүмкіндік берсе, біз қонақтарымызға үлкен айналма жолды қуана көрсетеміз. Қалай болғанда да, делегацияны метромен таныстыруға болады деп ойлаймын", — деп атап өтті Мемлекет басшысы Мәскеу метросының үлкен айналма жолында қозғалысты іске қосу рәсімінде.

Мемлекет басшысы салтанатты рәсімге бейнеконференция режимінде қатысты. ҮАЖ-дың соңғы тоғыз станциясы пайдалануға берілді: "Марьина роща", "Рижская", "Сокольники", "Текстильщики", "Печатники", "Нагатинский затон", "Кленовый бульвар", "Каширская" мен "Варшавская".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу