Ресей Microsoft-тың Қазақстанда мультиаймақтық хабты ашу идеясына неге шүйлікті?

603

Ресей бұл бастамада АҚШ-тың мүддесі тұрғанын жеткізді.

Ресей Microsoft-тың Қазақстанда мультиаймақтық хабты ашу идеясына неге шүйлікті? Фото: Microsoft

Microsoft компаниясының Қазақстанда мультиаймақтық хабты құру туралы бастамасы АҚШ-тың мүддесі бойынша іске асырылуда. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz tass.ru порталына сілтеме жасап.

“Мультиаймақтық хабты құру бойынша бастаманың Вашингтонның мүддесіне негізделгеніне еш күмәніміз жоқ. Негізгі мақсат – бұл мемлекеттерді америкалық арнайы қызметтердің барлау жұмысын жеңілдететін құралдарға негізделген IT-индустрияға байлап қою”, - деді ол. 

Галузиннің мәлімдеуінше, “америкалық және еуропалық IT-алпауыттардың өз технологиялық өнімдерін пайдалану арқылы жекелеген елдердің ұлттық мүддесіне зиян тигізгені жөнінде көптеген мысал келтіруге болады”. 

“Әрине әр мемлекет бұл жобаның цифрлық егемендігіне тигізер қауіп-қатерінің дәрежесін өзі анықтауы тиіс. Өз тарапымыздан ТМД-дағы достарымызға мұндай компаниялармен қарым-қатынастың теріс салдары жөнінде ескертеміз”, - деп жалғастырды Ресей СІМ орынбасары.  

Айта кету керек, сәуір айында Microsoft-тың елімізде мультиаймақтық хаб ашатыны жөнінде белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу