Ресей Еуропа алмаған мұнай мен газды Азияға сата бастайды

943

Путин алдағы жылдары мұнай мен газды басқа жаққа жеткізуге мүмкіндік беретін инфрақұрылымдық жобаларды тезірек жүзеге асыру керектігін жариялады.

Ресей Еуропа алмаған мұнай мен газды Азияға сата бастайды

Ресей Еуропаға жеткізілетін мұнай мен газды Азияға сатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz "Коммерсантъ" басылымына сілтеме жасап.

Ресей Президенті Владимир Путин үкіметке 1 маусымға дейін тиісті инфрақұрылым салу жоспарын ұсынуды тапсырды.

Ресей басшысы экспортты әртараптандыруды, оны оңтүстік және шығыс бағыттарға, Африка, Латын Америкасы және Азия-Тынық мұхиты елдеріне бағыттауды тапсырды. Ол Сібір кен орындарында құбырлар салу қажеттігін айтты.

Сонымен қатар Путин алдағы жылдары мұнай мен газды басқа жаққа жеткізуге мүмкіндік беретін инфрақұрылымдық жобаларды тезірек жүзеге асыру керектігін жариялады.

Газеттің дерегінше, "Газпром" алғаш рет Батыс Сібір ресурстарын шығысқа жеткізуге мүмкіндік алмақ. Алайда қазір бұл газды тек Қытай сатып алып отыр. Ресми Бейжіңмен арадағы келіссөздер он жылдан астам уақытқа созылған болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу