2017 жылдың 1 маусымынан бастап ресейлік мұнайдың экспорттық баж салығы 4,8%-ға төмендеп, 80 долларды құрады. Бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 долларға төмен, деп хабарлайды Росбалт-ке сілтемелеп, ҚазАқпарат.
РФ Қаржы министрлігі көрсеткендей, 2017 жылдың 15 сәуірі және 14 мамыры аралығындағы көрсеткіш бойынша Urals мұнайының орташа бағасы барреліне 48,20889 доллар немесе тоннасына 351,9 долларды құрады. Министрлік есебіне сәйкес, 2017 жылдың 1 маусымында Ресейдегі мұнайдың экспорттық бажы 4 долларға төмендеп, тоннасына 80 долларды құрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу