Пәкістан Исламабад пен Мәскеу арасында осы жылдың басында жасалған мәміле аясында Ресейдің шикі мұнайына доллармен емес, юаньмен төледі. Бұл туралы Пәкістанның мемлекеттік мұнай министрі Мусадик Малик Reuters агенттігімен телефон арқылы сөйлеген сөзінде хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.
"Төлем юаньмен жүзеге асырылды", - деді ол бағаны немесе алынған жеңілдікті сынды коммерциялық мәліметтерді жасырын қалдырып.
Пәкістанға алғаш рет ресейлік мұнай партиясы жеткізілгенін еске саламыз. Ресей шикі мұнайының алғашқы партиясы Карачи портына келді, оны түсіру 12 маусымда басталады, деп хабарлады Пәкістан премьер-Министрі Шехбаз Шариф.