Ресейден жеткізілетін мұнай бағасын шектеу механизмін әзірлеуде маңызды рөл атқарған АҚШ Қаржы министрінің экономикалық саясат жөніндегі көмекшісі Бен Харрис қызметінен кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
Агенттік Харристің Ақ үйде президент Джо Байденге де, Қаржы министрі Джанет Йелленге де жақын адамдардың бірі болғанын атап өтеді.
"Бен ең өзекті мәселелері бойынша менің ең жақын кеңесшілерімнің бірі болды, бізге терең экономикалық құлдыраудан шығуға көмектесуден бастап, өршіл ішкі инвестициялық бағдарламаны ілгерілетуге және Ресейдің энергия экспортына бағалық шектеулер енгізуге дейін көмектесті", – деді Джанет Йеллен.
Бен Харрис Джо Байден АҚШ вице-президенті қызметін атқарған кезде және ол президенттікке үміткер кезде командасында болған.
"Бен Харрис он жыл бойы президенттің ең сенімді экономикалық кеңесшісі болды", - деді Ақ үй кеңсесі басшысының орынбасары Брюс Рид.