Ресей мұнайының еліміз арқылы Қытайға тасымалдану тарифі бекітілді

1048

Бұйрық 1 қаңтардан күшіне енді.

Ресей мұнайының еліміз арқылы Қытайға тасымалдану тарифі бекітілді

Энергетика министрлігі Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдау тарифін бекітті, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

ҚР энергетика министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы  бұйрығымен 2019 – 2023 аралығындағы Қазақстан аумағы арқылы Қытайға жылына 10 млн тонна көлемінде ресейлік мұнайды тасымалдау құны, ҚҚС-ты қоспағанда, 1 тонна үшін 15 АҚШ доллары көлемінде бекітілді.  

Атасу (Қазақстан) – Алашанькоу (Қытай) учаскесінде тасымалдау құны, ҚҚС-ты қоспағанда, 1 тонна үшін 10,77 АҚШ доллары мөлшерінде болады.

Ал Ресей шекарасы – Қазақстан шекарасы (Прииртышск) – Атасу (Қазақстан) учаскесінде, оның ішінде "Атасу" БМАС-та мұнайды ауыстырып құю, ҚҚС-ты қоспағанда, 1 тонна үшін 4,23 АҚШ доллары болады.

Бұйрық 1 қаңтардан күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу